Алматы қалалық прокуратурасы жер сілкінісі кезінде жалған ақпарат таратқан хабарлама авторларын тапты, деп жазады Egemen.kz.
«Жер сілкінісі кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде табиғи апаттың салдары туралы көрінеу жалған хабарламаларды орналастыру фактілері анықталды, бұл өз кезегінде азаматтар арасында дүрбелең және кең қоғамдық резонанс тудырды. Мұндай әрекеттерді жасау фактілері бойынша қазіргі уақытта 1995 және 2006 жылдары туған екі әйелдің жеке басы анықталды», делінген прокуратура хабарламасында.
Айыбы анықталған екі азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.