• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2024

Алматы мен Қонаевтың арасындағы жолда бірнеше көлік соғысты

572 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

«Көлікпен жұмысқа кетіп бара жатыр едік, мынандай оқыс оқиғаның куәсі болдық. Көліктің астына қысылып қалған жас жігітті жабылып шығарып алдық. Жасы 17-де екен. Өзі аман-есен. Оған көмектесіп жатқанда тағы бір жол апаты орын алды»,- деп жазды оқиғаның куәгері.

Белгілі болғандай, жол апатының бәрі 26 қаңтар күні таңертең Алматы-Өскемен тасжолының Алматы-Қонаев ақылы бөлігінде болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Legnum көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай электр бағанасына соғылған, кейін оны эвакуациялау үшін Mazda көлігі көмекке келеді. Сол кезде JAC көлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай Mazda-ға келіп соғылды»,- делінген ҚазАвтоЖол таратқан деректе.