Синоптиктер 28 қаңтар, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атмосфера фронттарының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.
Жауын-шашын (көбіне қар) жауады.
Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.
Солтүстік пен оңтүстікте тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғады, батыс пен оңтүстікте көктайғақ болады.