Қайғылы оқиға бүгін, 28 қаңтарда Көкарна кентіндегі Жайық өзенінде болды, деп хабарлайды Egemen.kz atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 28 қаңтар күні сағат 13:08 шамасында Атыраудың Көкарна кентінде жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті. Салдарынан 31 жастағы жүргізуші көз жұмды. 17 жастағы жолаушы жақын жердегі облыстық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнына 4 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды.