«Australian Open-2017» додасының үшінші айналымында қазақстандық теннисші Ярослава Шведова АҚШ спортшысы Ваня Кингпен жұптасып, Мирьяна Лучич-Баронимен (Хорватия) және Андреа Петковичпен (Германия) кездесті, деп жазды Sports.kz.
Алғашқы сетте Шведова мен Кингтің жолдары болды, алайда келесі екі сетте жеңіліс тауып, қарсыластарына жол берді — 1:2 (6:4, 2:6, 3:6).
Бір айта кетерлігі, турнирдің үшінші айналымына қатысушыларыға 29 900$ жүлде беріледі.