Қытайлық дәрігерлер 7 балдық жер сілкінісі кезінде өз міндеттерін тоқтатпаған. Шыңжаң автономиялық ауданындағы «Арал» ауруханасында ақ халаттылар науқастың бас сүйегін ашып, миына хирургиялық ота жасап жатқанда жер сілкінісі болған, деп жазады Egemen.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігерлердің үрейге бой алдырмай операцияны жалғастырған сәті бөлмедегі бейнебақылау камерасына түскен. Аурухананы тербеген дүмпу кезінде жасалған күрделі ота сәтті аяқталып, науқастың беті бері қараған.
Айта кетейік, Қытай территориясында бүгінге дейін оқтын-оқтын жер сілкінісі болып жатыр. Ал 7 балдық жер сілкінісінен 5 адам жарақат алып, 3 адам көз жұмған.