Белгілі журналист, «Бармысың, бауырым» хабарының авторы Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған баланың анасын іздеу бойынша зерттеу жалғасып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында Жәнібектің анасы болуы мүмкін келіншек алыстан арнайы келіп ДНҚ анализін тапсырғанын хабарлады.
«Әсем есімді келіншек Астанаға алыстан арнайы келіп, ДНҚ тапсырып кетті. Зерттеу жалғасып жатыр. Тағы бір болжамды ана», деп жазды журналист.
Еске салайық, 2004 жылы бельгиялық отбасы асырап алған бала биыл 22 жасқа толды. Жақында Жәнібек қазақ тілін үйренуді қолға алғанын айтты.