Франция астанасы Парижде WKF каратэден әлемдік рейтингте топ 32-ге кіретін спортшылар ғана қатыса алатын «Karate 1 Premier league» сайысы өтті. Қаңтардың 26-28 күндері аралығында өткен премьер-лига бәсекесінде жерлестеріміз 3 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Нақты атағанда, Мөлдір Жаңбырбай (50 келі), Гүлмира Үсенова (55 келі), Абылай Төлтай (+84) өз салмақтары бойынша үшінші орын тұғырынан көрініп, қола медальды еншіледі.
Спорт комитеті мәлім еткендей, аталған турнирде 66 елдің 366 спортшысы 10 салмақ бойынша жүлде жиынтығын сарапқа салды.