• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қаржы 30 Қаңтар, 2024

Нарықта доллар мен мұнай арзандады

114 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,67 теңгеге төмендеп, 448,17 теңгені құрағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Одан бөлек, Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 62,34 теңгені (-0,26) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 487,01 теңгеге, рубльді 5,02 теңгеге белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 449 - 450,9 теңгеге, еуро 488 - 491 теңгеге, ресей рублі 4,93 - 5,03 теңгеге сатылып жатыр.

Сондай-ақ бүгінгі аукционда мұнайдың әлемдік бағалары да төмендегені байқалды.

Мәселен, ICE Futures электрондық саудасында сәуірдегі Brent фьючерстерінің құны 0,23%-ға арзандап, барреліне 81,64 долларды құрады.

Ал NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстері 0,18%-ға төмендеп, барреліне 76,64 доллар болды.