• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Футбол 31 Қаңтар, 2024

Көш басында – «Манчестер Сити»

120 рет
көрсетілді

Халықаралық футбол тарихы мен ста­тистикасы федерациясы (IFFHS) 2023 жылдың қорытындысы бойынша әлем­нің ең үздік клубтарының тізімін жа­риялады.

Үздіктер көшін «Манчестер Сити» бастап тұр. Былтыр бұл команда Англия Премьер-лигасын ұтып, ел кубогін иеленді. УЕФА Чем­пиондар лигасында қарсылас шақ кел­тірмей, УЕФА суперкубогін олжалады. Одан бөлек, клубтық әлем чемпионатында алдына жан салмады. Мадридтің «Реалы» екінші орын алса, Миланның «Интері» үшінші сатыға табан тіреді. Сондай-ақ «Аль-Ахли» (Мысыр), ПСВ (Нидерланд), «Байер» (Германия), «Флу­миненсе» (Бразилия), «Фиорентина» (Италия), «Палмейрас» (Бразилия) және «Порту» (Португалия) сынды әйгілі клубтар ТОП-10 команданың қатарынан көрінді.

Қазақстанның клубтары арасында ең жақ­сы нәтиже «Астанаға» тиесілі. Елордалық фут­бол­шылар 414-орынды еншіледі. Салыс­тырмалы түрде алсақ, «Астана» Санкт-Петер­бургтің «Зенит», Мәскеудің «Локомотив» және тағы басқа бірқатар белді командалардан жо­ғары тұр.