«Қазгидромет» РМК болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Сондай-ақ тұман түсіп, жел күшейеді, бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.
Сонымен қатар мамандардың айтуынша, 2024 жылдың 1 ақпанында Петропавл және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай әсерінен ауа сапасы нашарлайды.