2024 жылдың 1 ақпанынан бастап Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл қызметке Бақытжан Сағынтаев өткен жылдың 25 желтоқсанында тағайындалған. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы 1 ақпан, яғни бүгіннен бастап жұмысын бастады.
Сонымен қатар ЕЭК алқасының мүшелері (министрлер) бекітілді:
ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі - Гохар Барсегян;
ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі - Варос Симонян;
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі - Максим Ермолович;
ЕЭК Техникалық реттеу министрі - Валентин Татарицкий;
ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі - Бақыт Сұлтанов;
ЕЭК Кедендік ынтымақтастық министрі - Эльдар Әлішеров;
ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым министрі - Арзыбек Қожошев;
ЕЭК Интеграция және макроэкономика министрі - Сергей Глазьев;
ЕЭК Сауда министрі - Андрей Слепнев.