16 жасар Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында ITF Juniors рейтингісінде 16-орынға жоғарылады. Осылайша, отандық жасөспірімдер арасында ең үздік көрсеткіш тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Бұған дейін Қазақстан теннисі түлектерінен ешкім жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте дәл бұлай жоғарыламаған.
Осыған дейін рейтингте 27-сатыда тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына дейін жеткен еді.