Италияның Мартель қаласында пара шаңғы мен пара биатлоннан өтіп жатқан әлем кубогінің екінші кезеңінде Қазақстан спортшысы биатлоннан қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық Паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі отандасымыз Ербол Хамитовтың пара биатлоннан 7,5 км қашықтықты 22:02.5 секундта жүріп өтіп, үздік үштікке іліккенін мәлім қылды.
Айта кетсек, әлем кубогінің екінші кезеңі 31 қаңтар – 4 ақпан күндері аралығында өтеді. Аталған жарысқа 18 елден келген 160-тан астам спортшының арасында Қазақстан құрамасының 7 өкілі бар.