– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
– Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп жазылған мәлімдемеде.
Заң мәтіні баспасөзде жария болады.