Ақтөбе облысы полиция департаменті кәмелетке толмаған Ракип Еңлік Дәулетиярқызын іздеп жатыр. 1 ақпанда үйінен шығып кеткен ол әлі оралмаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ол 2007 жылғы, бойы шамамен 160-165 см, дене бітімі - арық, шашы - ұзын қара, көздері - үлкен, ерні - қалың, қасы - доға тәріздес. Киімі: қоңыр түсті қысқа куртка, ақ-сұр жолақты шалбар, ақ етік. Ерекше белгілері жоқ», делінген хабарламада.
Осы орайда аталған полиция департаменті инстаграм парақшасында ол туралы қандай да бір білетіндер болса, 102 немесе 8 776-546-66-66 нөміріне хабарлауды сұрады.