«Майқайың Алтын» АҚ тау-кен телімі ауданындағы опырылған жерден құтқарушылар жаңа бөлшектерді тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
- «Майқайың Алтын» АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және де құтқарушының «XFERRA» қол радиостанциясы табылып, жер бетіне шығарылды, - деп жазды Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.
Еске салсақ, 4 қаңтарда шақыртуға шыққан құтқарушылардың автобусы алтын кенішінің шахтасына опырылып түсіп, апатқа ұшырағаны белгілі болды.
Оқиға орнында екі қызметкердің денесі табылды. Тағы екеуінің денесі әлі іздестіріліп жатыр.