Үкімет Тараз қаласының 2040 жылға дейінгі дамуының бас жоспарын бекітті, деп жазады Egemen.kz.
«Бас жоспар қалалық аумақтың кешенді қала құрылысын дамыту стратегиясын, аумақты оңтайлы жоспарлау құрылымын және функционалдық аймаққа бөлу бағытын, қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын, қоғамдық қызмет көрсету жүйесін, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды, жобаланатын аумақтағы инвестициялық процесті ұзақ мерзімді жоспарлауды, көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, инженерлік жабдық жүйесін дамытуды, аумақты инженерлік тұрғыдан дайындауды және абаттандыруды, қоршаған ортаны және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауды айқындайды», деп жазылған Үкімет қаулысында.
Бас жоспардың жүзеге асу мерзімі бірінші кезең - 2022 жылдан басталған еді, екінші кезең - 2029 жыл, үшінші кезең - 2040 жыл.