«Қазгидромет» РМК синоптиктері 4 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Синоптиктердің болжамынша, қар аралас боран болады. Еліміздің батыс аймақтарында жаңбыр аралас қар түседі.
Қазақстан бойынша тұман шөгіп, жел күшейеді. Батыс аймақтарда көктайғақ болады.