Ұлттық банк Open API және Open Banking-ті дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын жариялағалы да біршама уақыт өтті. Тұжырымдама тұтынушылардың құқығын қорғауға баса назар аудара отырып, қаржы секторын цифрлық трансформациялауды жүйелі және кезең-кезеңімен дамытуды жалғастыру мақсатында жасалған. Open Banking («Ашық банктік қызметтер») банктерге өз клиенттерінің деректеріне үшінші тарапқа тек клиенттердің келісімімен ғана қол жеткізуге және осылайша қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. Мысалы, банкте Open API технологиясы клиентке көптеген шотты басқаруға және тұрақты төлемдер мен аударымдар жасауға, қаржылық есептілікті оңтайландыруға, кірістер мен шығыстарды талдауға мүмкіндік береді. Open Banking-ті енгізу халықаралық деңгейде танылған ақпарат алмасу хаттамасы болып саналатын Оpen API технологиясын қолдануға негізделген.
Тұжырымдаманы әзірлеу аясында Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі реттеушілері екінші деңгейлі банктермен (ЕДБ) алдын ала талқылаулар жүргізді. Сондай-ақ ЕДБ арасында API технологиясын пайдаланудың қазіргі мәртебесі нақтыланды.
Ашық банкинг тұжырымдамасын кезең-кезеңімен енгізудің стратегиялық жоспары аясында 2023 жылға жоспарланған қанатқақты жобаның негізгі кезеңдеріне қол жеткізілді және іске асырылды. «Клиенттің ағымдағы шоттары туралы ақпарат алмасу» сценарийін іске асыру бойынша қанатқақты жоба 2023 жылғы 1 қарашада іске қосылды. Оған 5 екінші деңгейлі банк қатысты. Операциялық модельге сәйкес, қатысушы банктер Open API платформасына қосылды, бұл оларға тиісті тексерулерден кейін әзірленген API-ді жариялауға және басқа қатысушылардың API-ге қосылуына мүмкіндік берді. API пайдаланушылары ретінде әрекет ететін банктер өздерінің мобильді қосымшаларын сәтті аяқтады, фокус-топ мүшелеріне басқа қатысушы банктердегі шоттары туралы ақпаратты көруге, сондай-ақ деректерді ұсынуға келісімдерін басқаруға мүмкіндік берді. Фокус-топ банктердің 3 мобильді қосымшасын (IOS/Android) сынап көрді.
Түсінгеніміздей, клиенттің ағымдағы шоттары туралы банктер арасында тек оның келісімімен деректер алмасу жүзеге асады. Сонымен қатар клиенттер бір банктің қосымшасын пайдалану арқылы әртүрлі қаржы институттарындағы шоттарының мәліметтеріне қол жеткізе алады.
Ұлттық банктің хабарлауынша, қанатқақты жобаның нәтижелері ашық банкинг шын мәнінде, пайдаланушылардың заманауи талаптарының ажырамас бөлігі болып саналатынын және сонымен бірге қаржы нарығын белсенді дамыту үшін негіз құратынын растады.
Сарапшылардың айтуынша, қазір ашық банкинг әлемдік қаржы индустриясын өзгертіп, банктер, банктік емес қаржы институттары және қаржылық қызмет көрсетуші үшінші тарап арасында клиенттердің қаржылық деректерін қауіпсіз алмасуға мүмкіндік береді. 2023 жылы әлемде ашық банкинг даму тенденциясы байқалды. Ашық банкинг моделін енгізген және енгізу немесе бастама кезеңінде тұрған елдер саны 100-ге жуықтайды. Ұлыбританияда, ЕО-да, АҚШ-та, Бразилияда және Азия елдерінде – Сингапурда, Гонконгта, Жапонияда енгізудің сәтті мысалдарынан кейін ашық банкингке негізделген шешімдердің артықшылықтары мен құндылығы айқын болды.
Қазір әлемде Open Banking аясында жасалған операция көлемі 57 млрд долларға бағаланады. 2027 жылы бұл көлем 330 млрд долларға дейін жетеді деп болжанып отыр. Ал операция саны 102 млрд-тан 508 млрд бірлікке дейін ұлғаймақ.
Финтех-нарықтың дамуы бірнеше негізгі бағыттарда көрініс табады:
NFC, QR және мобильді P2P аударымдары сияқты контактісіз төлем әдістері енгізіліп жатқан қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуі тәулік бойы транзакцияларды жүргізуге мүмкіндік береді және қашықтан сәйкестендіру тетіктерін қолдану арқылы үдерістерді жеңілдетеді. Қазақстанның қаржы нарығы цифрландыру және қызметтердің қолжетімділігі бағытында белсенді дамып жатыр. Республика инновациялар бойынша Орталық және Оңтүстік Азияның үздік 3 елінің қатарына енді және оның өсу қарқыны оны аймақтағы ең жылдам дамып жатқан финтех нарықтарының бірі ретінде жіктеуге мүмкіндік берді. Цифрлық экожүйелерді қалыптастыру және дамыту, пайдаланушылардың әртүрлі қажеттіліктеріне бағытталған өнімдер кешенін құру. Бүгінде еліміздегі әрбір банк дерлік пайдаланушыларға өзінің мобильді қосымшасын ұсынады. Қазақстанның финтех индустриясында төлем компаниялары, көп функционалды төлем қызметтері мен қосымшаларын жасайтын жеке ойыншылар – TypiPay, Simply, Wooppay бар. Компаниялар Buhta.kz, Uchet.kz, MyBuh.kz ұсынған B2B сегментін бірқалыпты енгізуде. Қаржы нарығына қатысушылардың жаңа трендтік технологиялар мен цифрлық инновацияларды белсенді енгізу. Аналитика мен болжау үшін жасанды интеллект пен машиналық оқытуды, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін таратылған тізілім технологияларын пайдаланатын жобалар нарыққа қатысушылар арасында танымал бола түсуде.Бұл ретте біздегі қаржы жүйесі біршама банктік орталықтандыру үлгісімен сипатталады. Бүгінгі таңда банктер жабық экожүйелерді қалыптастыруда, бұл өз кезегінде қаржылық қызметтердің жоғары шоғырлануына ықпал етеді және қаржы нарығында бәсекелестік пен кооперацияның дамуына кедергі келтіреді.
Open Banking тұжырымдамасын енгізу бойынша нарықты ынталандыру қаржы нарығының дамуына оң әсерін тигізеді және мынадай факторларға әсер етеді деп күтілуде:
1) Елде ашық қаржылық орта қалыптастыру.
2) Қаржы нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті дамыту және қолдау.
3) Азаматтар үшін қаржылық деректерге қол жеткізудің, бақылаудың және басқарудың тұжырымдамалық жаңа деңгейі.
4) Инновацияларды ынталандыру және ұсынылатын қаржылық қызметтер мен өнімдер тізбесін кеңейту.
5) Цифрлық экономика жағдайында тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
6) Қаржы нарығының барлық қатысушылары үшін бірдей қолжетімді цифрлық қаржы инфрақұрылымын құру.
Қаржы нарығының барлық қатысушыларының мүдделеріне сәйкес келетін теңдестірілген бәсекелестік ортаны құру үшін Open API және Open Banking тұжырымдамасын енгізу шеңберінде қатысушылардың алдына қойылған мақсаттар, сондай-ақ жақын арадағы міндеттер айқындалды.
Белгіленген мақсаттарды іске асыру шеңберінде тиісті міндеттер қалыптастырылды.
Қазақстанда open API және Open Banking дамытудың негізгі мақсаттары:
Елде ашық қаржылық экожүйе қалыптастыру; Инновацияны ынталандыру; Қаржы нарығы қатысушыларының бәсекеге қабілеттілігін дамыту және қорғау; Азаматтардың мүддесі мен деректерін қорғау.Ашық банкингті енгізу қаржы нарығын дамытуда елеулі әлеуетке ие және банк жүйесіне қазіргі заманғы трендтерге сүйене отырып, жаһандық аренада бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Осылайша, ашық банкинг бүкіл экономикаға перспектива беретін әмбебап құралға айналады. Қазақстанда ашық банкинг бойынша қанатқақты жобаны жүргізу барысында еліміздің қаржы секторын жаңғырту контекстінде осы тұжырымдаманың маңыздылығы мен табыстылығын көрсететін маңызды қорытындылар жасалды.
Қанатқақты жобаның нәтижелері ашық банкинг шын мәнінде, пайдаланушылардың заманауи талаптарының ажырамас бөлігі болып табылатынын және сонымен бірге қаржы нарығын белсенді дамыту үшін негіз құратынын растады.