• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Денсаулық 04 Ақпан, 2024

Күн сайын 10 мың қадам жүрсеңіз, ағзада қандай өзгерістер байқалады?

2180 рет
көрсетілді

Күнделікті жаяу жүрудің, тіпті жай ғана аяңдаудың денсаулыққа пайдасы зор, деп хабарлайды Egemen.kz.

Адам ағзасы үшін қимыл-қозғалыс саламатты өмірдің бір кепілі. Ал күн сайын кемінде 10 мың қадам жүретін болсаңыз, ағзада байқалатын өзгерістер:

- Аяқ бұлшықеттерін қатайтады, төзімділік пен табандылыққа жол бастайды. Белсенді физикалық жаттығулар бұлшықетті ғана нығайтып қоймай, жүрек-қантамырлар жүйесінің жұмысын да жақсартады.

- Жүрекке пайдалы ең қарапайым жаттығу. Қандағы холестерин мен қысымды төмендетуге көмектеседі, жүрек бұлшықетін қалыпқа келтіреді.

- Күнделікті жаяу жүріп серуендеу артық салмақ қоспаудың бір себепкері. Қимылдау арқылы ағзадағы зат алмасу, асқазан-ішек жолдары қызметі жақсарады.

- Физикалық белсенділіктен бақыт гормоны эндорфин бөлінеді. Бұл арқылы адамның көңіл-күйі көтеріліп, күйзелісі азаяды. Таза ауада серуендеу де ағзаның тынығуына пайдалы.

- Жаяу жүру ағзаға көп салмақ түсірмейтін жаттығу. Сүйекті қатайтып, остеопороз дертіне шалдықпауға көмектеседі.