Павлодар облыстық прокуратурасы екпе салу науқанындағы жұмыстарды тексеріп, құны 21 миллион теңгеден көп 9,5 мыңнан астам вакцинаны дұрыс пайдаланбау дерегін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан аймақтағы ауруханаларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер жіберілген.
Сондай-ақ Павлодар емханаларының бірінде «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні ұсынылса, мерзімі өткен препаратпен 2 балаға екпе салынған.
«Тексеру барысында кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакциналау фактілері анықталды. Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауапкершілікке тартылды», делінген прокуратура хабарламасында.