Бүгін сағат 10.00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығы себебінен 5 облыс аумағында республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында – 1 учаске: «Самара-Шымкент» 776-965 км, «ЭКО Ойл» ЖҚС-Қарабұтақ кентіне дейін – 189 км.
Жетісу облысында – 1 учаске: «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясынан - Достық станциясына дейін – 100 км.
Қостанай облысында – 2 учаске
«Жезқазған-Петропавл» 252-335, Ұлытау облысы шекарасынан - Арқалық қаласына дейін – 83 км. Екатеринбург-Алматы» 686-729 км, Сарыкөл кентінен - СҚО шекарасына дейін – 43 км.Солтүстік Қазақстан облысында – 3 учаске
«Екатеринбург-Алматы» 729-768 км, Қостанай облысы шекарасынан -Тоқсан би ауылына дейін – 36 км. «Жезқазған-Петропавл» 595-671 км, Тоқсан би ауылынан - Явленка ауылына дейін – 76 км. «Тимирязево-Сарыкөл» 0-31 км, Қостанай облысы шекарасы аумағында – 31 км.Ұлытау облысында – 1 учаске: «Жезқазған-Петропавл» 137-252 км, Ұлытау кентінен - Қостанай облысы шекарасына дейін – 115 км.