• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 06 Ақпан, 2024

Үкіметтегі ауыс-түйіс: Сәтқалиев қызметінде қалды

112 рет
көрсетілді

Алмасадам Сәтқалиев ҚР Энергетика министрі қызметін жалғастыратын болды, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына тағайындалды», делінген Ақорда хабарламасында.

Алмасадам Сәтқалиев 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін, Стэнфорд университетінің Жоғары бизнес мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы жеке секторда бастаған. 

1997-2001 жылдары «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясының менеджері, департамент бастығы, басқарушы директоры, вице-президенті болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары «KEGOC» АҚ қаржы директоры, вице-президенті, бірінші вице-президенті болды.

2006-2007 жылдары «KEGOC» АҚ бойынша топ жетекшісі, «Самұрық» АҚ электро-энергетикалық активтерді басқару жөніндегі директоры болып жұмыс істеді. 

2007 жылы Қазақстан Республикасы энергетика және минералдық ресурстар министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

2007-2011 жылдары «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ тұңғыш вице-президенті, президенті, басқарма төрағасы, президенті болды.

2011-2012 жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды.

2012-2018 жылдары – «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы.

2018-2021 жылдары «KazEnergy» ЗТБ төрағасының орынбасары, «Самұрық-Қазына» АҚ активтерді басқару бойынша басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы сәуірге дейін – «Самұрық-Энерго» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы.

2023 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Республикасының энергетика министрі лауазымына тағайындалды.