Елдің 14 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды. Болжамға сәйкес, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с болады.
Қызылорда облысында қар аралас жаңбыр жауады. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, күші 15-20, облыстың орталығында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 18-23 метрге, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Болжам бойынша, Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с болады.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Шымкентте де таңертең және күндіз қар аралас жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз 25 м/с дейін жетеді..
Батыс Қазақстан облысының шығысында қар жауып, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында бұрқасын болады деп болжанып отыр. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.
Астанада таңертең және күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні секундына 15-20 метрге, кей уақытта секундына 23-28 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні - 23-28 м/с дейін жетеді.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с болады.
Мамандардың айтуынша, Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с болады.
Ал Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі.