Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Асат Болатұлы Нұрпейісов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», делінген хабарламада.