«Елімізде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік-батыс пен солтүстікте бұрқасынмен бірге өте күшті жел күтіледі», деп хабарлады синоптиктер.
Сонымен қатар Қостанай облысының батысында, оңтүстікте, шығыста, Ақмола облысының батысында, солтүстікте, шығыста, Солтүстік Қазақстан облысында, батыста 30 м/с дейін жел күшейеді.