«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, ертең боран күшейіп, қатты жел соғады.
Суық атмосфералық фронталь қысымы Қазақстанның бүкіл аумағына ықпал етеді: қар жауып, солтүстікте бұрқасын болады. Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі, солтүстік-батыс пен солтүстікте боранды жел болжанып отыр.
«Ақмола облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, Абай облысының орталығында, түнде Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында секундына 30 метр және одан да күшті қатты жел соғады деп болжанып отыр», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.