• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Ақпан, 2024

16 мың баланың алименті өндірілді – прокуратура

143 рет
көрсетілді

Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі алимент өндіру. Жергілікті атқарушы органдардың және сот орындаушыларының жұмысты тиісті үйлестіргендерінің арқасында, қала прокуратурасы 2023 жылы 1 мың жұмыссыз алимент төлеушілерді есепке алды, олардың ішінде 657 адам жұмысқа орналасты, деп жазады Egemen.kz Алматы қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

«Яндекс.GO» қосымшасы арқылы жолаушы тасымалдау қызметімен айныласатын, жасырын табыс көзі бар, алимент төлеуден қашып жүрген борышкерлерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, 150-ден астам борышкер айқындалды. 2023 жылы прокуратураның үйлестіруімен алимент төлеу бойынша міндеттерін орындамайтын, 14 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, олардың ішінен 5 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының өндірісінде 9 қылмыстық іс бар.

Сонымен қатар алимент өндіру бойынша сот  шешімін орындамаған 112 борышкер, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алматы прокуратурасының 2023 жылғы шараларымен 16 мың бала алдындағы, 2,5 млрд теңгеден астам алимент бойынша қарыз төленді»,  делінген ақпаратта.