Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Алматыда шенеунік шарт жасасу сылтауымен жергілікті кәсіпкердің 21 миллион теңгесін алаяқтықпен алғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары алаяқтық бойынша күдікке ілікті.
Антикор шенеуніктің аула аумақтарын күтіп ұстау, жинау және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша қызметтер көрсету шарттарын жасасу сылтауымен кәсіпкердің 21 млн теңге ақшасын алдап алған.
Қазір басқармасы басшысының орынбасары үй қамаққа алынып, тергеу жүріп жатыр.