• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Ақпан, 2024

Мектеп оқушысы ата-анасына қазақ тілін үйретіп жүр

206 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желіде өзге ұлт өкілінің  қазақ тілінде еркін сөйлеген видеосы тарады. Мектеп оқушысы қысқы каникул кезінде ата-аанасына қазақ тілін үйретіп жүргенін  мақтанышпен айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сәлем Қазақ елі. Қазір бізде  қысқы демалыс. Бірақ мен демалыста  анашыма қазақ тілін үйретемін», деген бүлдіршін «шәкіртіне» тапсырма да береді.

«Біздің Абайда зәулім сарай  бар. Ол жерде кім тұратынын білмей басым қатып отыр. Мұндай зәулім сарай барлығына бұйырсын», дейді мектеп оқушысы.

Қаршадай қыздың қазақ тілінде еркін сөйлеуіне  көпшілік ерекше  ықыласын танытып, жағымды пікір жазды.