• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 12 Ақпан, 2024

Қазақстанның бірқатар облысында қалың қар жауады

3264 рет
көрсетілді

Синоптиктер 12 ақпанда елімізде қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мамандардың мәліметінше, тек еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын болмайды. Республиканың қалған бөлігінде жаңбыр мен қар жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады. Сондай-ақ көктайғақ пен тұман күтіледі.

Еліміздің шығысындағы таулы аймақтарда қарлы боран соғады. Солтүстікте, шығыста және оңтүстікте жел күшейеді.