Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысы 100%-ға артатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Мәжілісте өткен Үкімет сағатында министр Ерлан Нысанбаев 1 шілдеден бастап мемлекеттік орман күзеті қызметкерлеріне лауазымдық еңбекақының 100% мөлшерінде қосымша ақы төлеу белгіленін жеткізді. Бүгінде мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы 129 мыңнан 250 мың теңгеге дейін артқан.
«Орман өрт сөндіру станцияларының барлық қызметкерлеріне 100% қосымша ақы төлеу мақсатында Үкімет қаулысының жобасы әзірленді», деді Е.Нысанбаев.