• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2024

Әкім орынбасары мас күйінде көлік жүргізген

1395 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Заңды бұзған шенеунік 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сот Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Б-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын мас күйінде басқару) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады», делінген Көкшетау әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының хабарламасында.

Сот қаулысымен ол 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.