• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Экономика 13 Ақпан, 2024

Қаңтар айында ел экономикасы 3,9 пайызға өсті – министр

160 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет отырысында елдегі экономикалық өсім жайлы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,9% құрады. Оның ішінде нақты сектор – 3,8%-ға, ал қызмет көрсету саласы 3,5%-ға өсті. Салалар арасында ең жоғары өсімді құрылыс (12,8%-ға өсу), көлік және қоймалау (11,4%-ға), ақпарат және байланыс (10,6%-ға), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі (6,9%-ға) көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 0,6%-ды құрады», деді министр.

Байбазаров атағандай, инвестициялар ағыны білім беруде – 3,6 есеге, қаржы және сақтандыру қызметінде – 3 есеге, көлік және қоймалауда – 2,1 есеге, құрылыста – 2 есеге, ақпарат және байланыста – 20,9%-ға, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінде 15,8%-ға өсті.

«Өңірлер арасында ең жоғары өсім Жетісу (2,1 есе өсу), Ұлытау (52,3%-ға), Жамбыл (40,4%-ға) және Алматы (34,4%-ға) облыстарында байқалды. Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 3,2%-ға өсіп, 140 млрд долларға жуықтады. Экспорт 79 млрд долларға жуықтап (7%-ға төмендеу), оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 25 млрд-тан аса долларды құрады.Тауарлар импорты 61 млрд доллардан асты (20,1%-ға өсу). Жалпы, оң сауда балансы 18 млрд долларға жуық», деді Байбазаров.

Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 6,9%-ға өсті.

«Көрсеткіштің өсуі 14 өңірде тіркелді. Соның ішінде ең жоғары өсуді Ақтөбе (34,7%), Шығыс Қазақстан (28,7%), Қызылорда (22,1%) және Абай (12,1%) облыстары көрсетті», деді ол.