• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Ақпан, 2024

Атырау облысында күкірт тиелген 7 вагон рельстен шығып кетті

307 рет
көрсетілді

Атырау облысында жүк пойызының 7 вагоны теміржолдан жартылай шығып кетті. Вагондарға «Теңіз» кен орнынан алынған күкірт тиелген.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына сүйенсек, оқиға бүгін, 14 ақпанда тіркелген

«Бүгін, 14 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 03:25-те Жылыой ауданы, Құлсары теміржол стансасына қарасты №11-теміржолда жүк пойызының вагондары рельстен жартылай шығып кеткені тіркелді. Жүк вагондарын алып келе жатқан теполвоздың «Теңізшевройл» ЖШС-ға тиесілі екені анықталды. Жүк пойызының құрамында 62 вагон болған. Күкірт тиелген вагондардың 7-еуі рельстен жартылай шығып кетті». деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Вагондардан күкірт төгілмеген. Ешкім зардап шекпеген.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін Мақат ауданынан арнайы пойыз жолға шықты.