Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«2024 жылғы 15 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде аяз қайта күшейетінін хабарлаған едік.