• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Мәдениет 15 Ақпан, 2024

«Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылады

214 рет
көрсетілді

Қазақстанда «Мәдениет» онлайн-порталы іске қосылып, барлық материалдар Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілдерінде, сондай-ақ қазақ және түрік тілдерінде ұсынылады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Біз алғаш рет 8 тілде таратылатын «Мәдениет» онлайн-порталын іске қосамыз. Жаңа портал арқылы мәдени құндылықтарымызды ел аумағында ғана емес, шет ел аудиториясына да насихат етуді мақсат етіп отырмыз. Оның негізгі міндеті – әрбір қызығушы үйден шықпай, төл мәдениетіміздің барлық сай-саласын аралауға – музей, кітапхана, театр, ұлттық кино, көрмелер, рухани қорықтар, ұлттық музыканың алтын қоры мен заманауи әуездің жаңа үлгілерімен танысуға жағдай жасау. Бұндай жобалар әлемдік тәжірибеде өз тиімділігін баяғыда-ақ көрсеткен. Мәселен, күніне 50 мың адам кіретін «Лувр» музейі онлайн кеңістікте 10 миллион «виртуалды туристерді» қабылдайды», деді министр.     

Аталған порталда Қазақстанның тарихы мен мәдениеті араб, ағылшын, қытай, орыс, түрік, француз, испан, түрік, қазақ тілдерінде насихатталады.

Қазақстан мәдениетінің түрлі салаларына арналған бөлімдерде таланттар, елдің даму мүмкіндіктері, театр қойылымдары, киноиндустрия, мұражайлар, кітапханалар, мұрағаттар, туристік орындар, қолөнер, сондай-ақ Қазақстанның сәулет өнеріндегі жетістіктері туралы ақпараттар ұсынылады.

Әлемдік қоғамдастық назарын Қазақстанның мәдени мұрасы мен сан қырына аудару үшін бұл сайтты ашу –  маңызды қадам.

Аталған жоба 2024 жылдың 1 наурызында жүзеге асады.