Елорда мектептерінде екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды. Бұл туралы Астана қаласының білім басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«2024 жылғы 16 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», деп жазылған хабарламада.