• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2024

Қызыл кітапқа енген жануарды жайратқан күдікті қолға түсті

170 рет
көрсетілді

Жамбыл облыстық Полиция департаменті қызметкерлері «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында «Сапсан» жедел қызметі инспекторларымен бірлесіп, браконьерлік дерегін жасады деген күдікпен Талас ауданының 48 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

zhambyl_police инстаграм парақшасында: «Оның тұрып жатқан құмды аймақтағы шаруа қожалығын тексеру барысында Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарының тушасы, сондай-ақ 2 тегіс ұңғылы қару табылып, тәркіленді», делінген.

Хабарламадан қазіргі уақытта заңсыз аң аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот сараптамалары тағайындалғаны мәлім болды. 

 

Айта кетсек, Жамбыл облысының Полиция департаменті ақпан айының 1-29 күндері аралығында өңірде «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.