• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Ақпан, 2024

Атырауда терроризмді насихаттаған 17 жастағы күдікті ұсталды

107 рет
көрсетілді

ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен 15 ақпанда әлеуметтік желіде терроризмді насихаттады деген күдікпен Атыраудың 17 жастағы тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Күдіктінің үйін тінту кезінде тергеу негізіне сай келетін материалдар табылды.

Ұсталған атыраулық азамат өткен жылы ұқсас қылмысы үшін 2 жылға бас бостандығынан шектелген. Қабылданған процестік және профилактикалық шараларға қарамастан, ол құқыққа қарсы әрекеттерін жалғастырып келген.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 256-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

ҰҚК террористік қылмыстар үшін жауапкершілік 14 жастан басталатынын ескертті.