• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 19 Ақпан, 2024

«Сөндірілмеген шылымнан тұтанған от»: Жатақхана өртеніп, 40 адам эвакуацияланды

214 рет
көрсетілді

Көкшетаудағы жатақхананың өртенуіне сөндірілмеген темекі себеп болған. 40 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлім етуінше, 49 жастағы ер адам шегіп отырған шылымын сөндірместен ұйықтап қалған. 3 шаршы метр аумақ шеңберінде төсек-орын, линолеум жанған. №10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылып, 14 минутта өрт өшірілген. Құтқарушылар жатақханадан 40 адамды (оның 10-ы бала) эвакуациялаған, өрт себепкері болған ер адам жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.