• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Жеңіл атлетика 20 Ақпан, 2024

Екі күнде – алты жүлде

199 рет
көрсетілді

Бұл күндері Иранның бас шаһары Теһранда жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Айналдырған екі тәулік аралығында Қазақстан құрамасы алты жүлдені қоржынға салды. 60 метрге кедергілер арқылы жүгірген Давид Ефремов 7.60 секундтық көрсеткішпен жарыс жеңімпазы атанды. 1.86 метрлік биіктікке секірген Елизавета Матвеева да алтыннан алқа тақты. Ядро лақтырушылардың сайысында Иван Иванов (19.08 метр) пен желаяқтардың ең қысқа қашықтығында бақ сынаған Ольга Сафронова (7.35 секунд) күміс­пен күптелді. Ал Аяна Болатбекқызы (1 500 метрге жүгіру) мен Мария Ефремова (үш қарғып секіру) қола медальды мойнында жарқыратты.

Сөйтіп, 2 алтын, 2 күміс және 2 қоланы иеленген отандастарымыз – әзірге сары құрлықтың ең үздік командалары санатында.