• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 20 Ақпан, 2024

Бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз болады

853 рет
көрсетілді

Синоптиктер 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде аяз әлі де қысады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Мамандардың айтуынша, 20 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады, тек республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын күтіледі. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында суық жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін.

Жетісу өңірінде 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында (-45 градусқа дейін) өте қатты аяз болады.