• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Ақпан, 2024

Республикалық маңызы бар 7 жол бөлігі жабылды

181 рет
көрсетілді

Бүгін ауа райы қолайсыздығына байланысты 5 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.

Абай облысы - жалпы ұзындығы 1084 км 3 автожол (-40 градусқа дейін аяз күшейіп тұр):

«Таскескен-Бақты» - Таскескен ауылы-Бақты ауылы; ⁠«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» Қарағанды облысының шекарасы-Боғас; «Семей-Қайнар» Семей қаласы-Қайнар ауылы.

Жамбыл облысы - жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (ауа-райының төмендеуі):

«Алматы - Ташкент-Термез» Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).

Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 103 км 1 автожол (Абай облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты):

«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарқаралы-Абай облысының шекарасы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).

Қостанай облысы - жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):

«Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы-Арқалық қ. (барлық көлік түрлері).

Ұлытау облысы - жалпы ұзындығы 115 км 1 автожол (боран, жел, ауа райының төмендеуі):

«Жезқазған-Петропавл» – Қостанай облысы-Ұлытау ауылы (барлық көлік түрі), Жезді-б.-Ұлытау ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).

Осы уақытта автожолдарда 710 бірлік техника және 1432 адам жұмыс істеп жатыр.