2024 жылдың басынан бері Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы сақталып келеді. Әсіресе, ақпан айы суық. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, биылғы қыста жауған қар мөлшері нормадан екі есе көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі өсім 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңмен салыстырғанда тіркелгенін түсіндірді.
«Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жамылғысының биіктігі 50 см-ге жетеді, ал шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде 90 см-ге жетеді. Қазіргі қыстың ерекшелігі де қатты екпінді жел болды, әсіресе таулы аймақтарда байқалады. Ал асуларда екпіні 40-45 м/с жеткен», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ.Мамандар мұндай қалыптан тыс ауа райы жағдайларын ескере отырып, сақтық шараларына ерекше мән беру керектігін атап өтті.