Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен осы жылдың 15 қаңтары мен 15 ақпаны аралығында «ІЗДЕУ» жедел-алдын-алу іс-шарасы өткізіліп, іздеуде жүрген 84 қылмыскер ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
«8 ақпанда Алматы облысы Бақанас ауылында Бостандық ауданы бойынша Қытай мен Сингапур азаматтарына қарақшылық жасағаны үшін іздеуде болған күдікті қолға түсті. Сондай-ақ өлімге әкеліп соққан адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 2010 жылдан бері іздеудегі адам ұсталды.
Сонымен қатар мегаполистен басқа өңірлерде іздестіріліп жатқан 22 қылмыскер қолға түссе, 17 хабар-ошарсыз кеткен азамат анықталған», деп жазылған ақпаратта.