Синоптиктер 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Күнтізбеде ақпан айының соңы көрсетілгеніне қарамастан, аяз Қазақстан аумағынан кетпейді. Солтүстіктің салқын ағындары әсер еткен ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде аязды, желсіз ауа райын сақтайды», делінген хабарламада.
Болжам бойынша оңтүстік циклонның ықпалында тек оңтүстік, орталық және шығыс облыстар болады, ол өзімен бірге жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашынды, желдің күшеюі мен қарлы боранды әкеледі.
«Алайда, циклон оңтүстікте болса да, ол біздің аумаққа айтарлықтай жылу әкелмейді», деп қосты синоптиктер.