• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2024

Қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды

136 рет
көрсетілді

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 5 қаржы пирамидасының заңсыз қызметін тоқтатты. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Абай өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Орын Тұрлыбаев мәлімдеді.

О.Тұрлыбаевтың айтуынша, өткен жылы 5 қаржы пирамидасының қызметі жойылып, 3 қылмыстық іс сотқа жолданған. «Қаржы пирамидалары, интернет кеңістігіндегі жарнамалық сілтемелердің барлығы «Кибербақылау» АЖ арқылы бұғат­талып отырады. Бұл жобаны Қаржы мониторингі агенттігі әзірлеген болатын. Бүгінде департамент бұғатталған 1 200-ден астам сайтты (қаржы пирамидалары, заңсыз ойындарға қа­тысты сілтемелер) анықтады», деді О.Тұрлыбаев мәлімдемесінде.

Департамент қаржы пирамида­лары­ның қызметін жоюмен қа­тар,­ сауда және басқа да эконо­ми­­ка­лық сек­торлардағы заңсыз әрекеттерді үнемі қатаң бақылауда ұстайды. Жүргізілген жедел іздес­тіру жұ­мыстары барысында сәй­кестендірусіз контрафактілік темекі жеткізудің жолы кесілген. Жалпы акциздік алым сомасы 1,5 млрд теңгеге дейін жеткені әшкереленген жайы бар. Қазір осы мәселе бойынша шетелдің екі азаматы тергеуге тартылып отыр. Тергеу арқылы анықтау нәтижесінде 63 мыңнан астам қорап темекі жойылып, 5 мыңнан астам алкоголь тәркіленген.

Сонымен қатар осы департамент тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны қадағалау және өнімсіз делдалдарды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

 

Абай облысы