• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Ақпан, 2024

Қомақты борышын төлеуден жалтарған

97 рет
көрсетілді

Семей қаласында микроқаржы ұйымдарына борышын төлеуден жалтарып жүрген азамат анықталды.

Абай облыстық Полиция депар­тамен­тіне қарасты жергілікті полиция қыз­меті­нің іздестіру тобы «Сергек» ап­параттық-бағдарламалық кешенінің мониторингін жүзеге асыру кезінде «Toyota Camry» маркалы автокөлік иесін ұстады.

Көлік иесінің микроқаржы ұйым­­дарына 14 миллион теңгеден астам қарызын төлеуден жалтарып жүр­гені мәлім болды. Жеке сот орын­даушысының қаулысына сәйкес, полиция қызмет­керлерінің жедел қи­мылдауы нәтиже­сінде 28 жастағы аза­маттың автокөлігі тәркіленіп, айып­пұлы тұрағына қойыл­ды. Борыш­кердің иелігіндегі кө­лігін жүргізуге тыйым салу және тәркі­леу – заң аясын­дағы қажетті шараның бірі.

 

Абай облысы